Мама
Бір ұғымның астында бүкіл дүние бұғып жатқандай...Тағдырдың сан-тарау жылдарын перзентінің болашағы үшін тәрк етіп, көктем ғұмырын күз еткен аяулы жанның қадіріне жетіп жүрміз бе? «Анаңды Меккеге үш рет арқалап апарсаң да, қадірін өтей алмайсың» деген сөздің түкпірінде жарық дүние сыйлаған асыл жанның ұлы ерлігі мен өлшеусіз еңбегі көрініс тауып тұрса керек...
Облыстық Сәбит Мұқанов атындағы қазақ-сазды драма театрының сахнасында Б.Абдураззаковтың «Мама...» драмасы сахналанды. Қоюшы-режиссері Алматы қаласындағы Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы «Режиссура» бөлімінің 5- курс студенті Фархат Молдағали. Белгілі режиссер, Қазақстанның еңбек сіңірген Өнер қайраткері Маман Байсеркеновтан тәлім алып жүрген жалынды жастың еңбегі жиылған жұртшылықты елең еткізбей қоймауы мүмкін емес. Бұл - ана мен бала махаббатын ғана емес, өмірде шешімі табылмаған талай ойлар туралы сыр шертілетін тағылымды қойылым. Сахнада екі кейіпкер анасы (Аида Супатаева) және оның ұлы (Нұрбол Асқаров) ойнайды. Екеуіне де жүктелген сахналық міндет өте жауапты әрі ауыр. Туған үйден жырақта жоғары лауазымды басшы болып отырған ұлдың ішкі толқынысын, оның психологиялық жай-күйін, сезімдер арпалысын дөп басып, кейіпкерге жан бітіру жолында жас актер Нұрбол Асқаров аянып қалмағаны көрініп тұр. Анасына қоңырау шалып, денсаулығын сұрауы, ұзақ телефон тұтқасын алмай жатқан сәтіндегі ішкі қорқынышы қалың көпшіліктің жүрегіне жете білді. Алаңсыз бала күндерді аңсап, көк шөпке аунағысы келген ұлдың болмысы еріксіз күйбең тірліктің шырмауына матаулы. Ал ана бейнесін кескіндеуші талантты актриса Аида Супатаеваның кейіпкері жалғыздықтан жалыққан, дара ғұмыр сүруші жан. Ол баласының жеке өміріне араласпайды, бірақ баласының амандығын тілеген ең жанашыр жан. Ол ұлын жақсы көргендігі соншалық – оның қайсыбір оғаш қылығы мен жанды қарыған суық сөздеріне ренжімек түгілі, оны байқамайды да! Ана жүрегінің құдіреттілігі деп осыны айт!